Салық есептілігін тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады
© Фото: pexels
Қазақстанда 2026 жылғы 31 наурызда 2025 жылға арналған салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Параграф" ақпараттық жүйесі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 2026 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей келесі салық есептілік нысандарын (СЕН) тапсыру қажет екенін еске салады:
- 100.00, 110.00, 150.00, 180.00 нысандары – корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша декларациялар;
- 220.00 нысаны – жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша декларация;
- 531.00 нысаны – заттай нысанда салық міндеттемесін орындау туралы декларация (есеп);
- 540.00 нысаны – үстеме пайда салығы бойынша декларация;
- 560.00 нысаны – тарихи шығындарды өтеу төлемі бойынша декларация;
- 600.00 нысаны – жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық бойынша декларация;
- 700.00 нысаны – көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация;
- 871.00 нысаны – жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімі;
- 912.00 нысаны – тіркелген шегерімді қолданатын арнайы салық режиміндегі салық төлеушілерге арналған декларация;
- 920.00 нысаны – бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация.
Сонымен қатар, 2025 жылдың 4-тоқсаны үшін:
101.04 нысаны – бейрезидент табысынан төлем көзінен ұсталатын КТС бойынша есеп ұсынылады.
Бұдан бөлек, жеке тұлғалар 2025 жылға арналған көлік құралдарына салынатын салықты 2026 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей төлеуі тиіс.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:35, 30 наурыз 2026
Шіркеуде Никол Пашинянға шабуыл жасамақ болғандардың әрекеті видеоға түсіп қалды
-
13:23, 30 наурыз 2026
Әбиба Әбужақынова шетелдік келісімшартқа қол қойды
-
13:16, 30 наурыз 2026
Алматыда жедел жәрдем станциясының қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасалды
-
13:08, 30 наурыз 2026
ШҚО-да полицейлер қылмыстық әрекеттің жолын кесті
-
12:53, 30 наурыз 2026
Қазақстанға Ресейден төрт амур жолбарысы әкелінеді





