Атырауда таксист жолаушыға пышақпен шабуыл жасады
© Фото: pexels
Атырау теміржол вокзалында такси жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжал шықты. Бұл оқиғаға қатысты өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, екі ер адам арасында жанжал туындап, ол аз уақыт ішінде төбелеске айналған. Сол кезде қалааралық такси жүргізушісі суық қару қолданып, жолаушыны пышақпен жарақаттаған.
Зардап шеккен адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Оның қазіргі жағдайы туралы ресми ақпарат әзірше жарияланған жоқ.
Бұл жағдайға қатысты Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.
Ведомство өкілдері төбелес болғанын растады және осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
"Атырауда такси жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжал фактісі бойынша бұзақылық бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", – деп мәлімдеді 2026 жылғы 29 наурызда полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:44, 29 наурыз 2026
Велотректен Азия чемпионаты: Қазақстан үш медаль жеңіп алды
-
20:00, 29 наурыз 2026
Қазақстандық блогер Ильяр Ювашевке іздеу жарияланғаны белгілі болды
-
19:56, 29 наурыз 2026
Түркістан облысында суға батып кеткен сегіз жастағы бала табылмай жатыр
-
19:50, 29 наурыз 2026
Атырауда такси жүргізушісі жолаушыға пышақпен шабуыл жасады
-
19:45, 29 наурыз 2026
Қазақстандық боксшылардың Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыластары анықталды





