Қазақстанда адал емес су пайдаланушылардың дерекқоры жасақталуда

14:14, 30 наурыз 2026

© Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында жер асты суларын пайдалану саласында заңдылықты қамтамасыз ету және оларды рұқсатсыз өндірудің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2026 жылғы ақпанда су айналымын заңсыз пайдалануды тоқтатуға бағытталған Жол картасы бекітілген.

"Жол картасы аясында өңірлер мен салалар бойынша су теңгерімін талдау, су ресурстарын заңсыз пайдалану тәуекелі жоғары топтарды анықтау, есептік деректерді салыстыру, есепке алу құралдарымен жабдықталу деңгейін бағалау, су шаруашылығы нысандарының жай-күйін және бақылау тәжірибесін зерделеу бойынша талдамалық жұмыстар басталды. Сонымен қатар, адал емес су пайдаланушылардың дерекқоры қалыптастырылуда", – делінген жауапта.

Премьер-министрдің сөзінше, цифрландыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда су пайдаланушылармен өзара іс-қимылды автоматтандыруға арналған бірыңғай цифрлық платформа әзірленіп жатыр. Бұл жүйе келісімшарттарды онлайн жасау мүмкіндігін де қамтиды.

Сонымен қатар, бассейндік инспекциялар тарапынан бақылау күшейтіліп, түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан гидрогеологиялық қызметті жабдықтау үшін Ислам даму банкінен қаржы тартатыны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!