Қазақстан семсерлесуден өткен өз алаңындағы Әлем кубогын бір медальмен аяқтады

16:50, 29 наурыз 2026

© Сурет: olympic.kz

Қазақстанның семсерлесу бойынша шпагашылар құрамасы Астанада өткен Әлем кубогындағы өнерін қорытындылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бағдарламаның соңғы түрі ретінде ерлер арасындағы командалық жарыстар өтті.

Қазақстандықтар үшінші орын үшін матчқа дейін жетті. Эльмир Әлімжанов, Никита Жулинский, Вадим Шарлаимов және Александр Федотов қола медаль үшін Жапониямен сынға түсті.

Тартысты өткен кездесуде Жапония құрамасы екі ұпай айырмасымен жеңіске жетті — 44:42. Қазақстан құрамасы төртінші орын алды.

Осылайша, турнир қорытындысы бойынша Қазақстан бір медальмен шектелді. Бір күн бұрын Руслан Құрбанов жекелей сында күміс жүлдеге ие болған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!