Атырау облысында дронға ұқсас бөлшектер табылды
© Фото: Zakon.kz
Атырау облысында ұшқышсыз ұшу аппаратының (дронның) сынықтарына ұқсас заттар табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік полиция департаментінің Zakon.kz-ке хабарлауынша, бұл дерек бойынша тексеру жұмыстары басталған.
Оқиғаға уәкілетті қызметтер де тартылған.
"Атырау облысының полиция департаменті уәкілетті органдармен бірлесіп, ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру жүргізіп жатыр. Нысан елді мекеннен тыс аумақта анықталған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – делінген ведомствоның 2026 жылғы 29 наурыздағы хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның батысында ұшқышсыз ұшу аппараты құлаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:50, 29 наурыз 2026
Қазақстан семсерлесуден өткен өз алаңындағы Әлем кубогын бір медальмен аяқтады
-
16:13, 29 наурыз 2026
30 наурызда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
15:05, 29 наурыз 2026
Қазақстандық гроссмейстер беделді турнирге қатысады
-
14:54, 29 наурыз 2026
Алматы тауларында «Бұтақты» визит орталығы ашылды
-
14:36, 29 наурыз 2026
Семсерлесу: Қазақстан Астанадағы әлем кубогының «қола» жүлдесі үшін таласады





