ШҚО-да түрмедегілерге өз шағымын терминал арқылы қалай жолдау керектігі көрсетілді

© Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД-ның баспасөз қызметі
ШҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты мекемелердің бірінде ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің өңірлік департаменті өкілдері жазасын өтеушілерге электронды терминал көмегімен өз шағымдарын қалай жолдау керектігін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Арнайы пошта жәшіктерінен бөлек сотталғандардың шағымдарын электронды терминал арқылы жолдау мүмкіндігі енгізілді. Бұл мекеме әкімшілігінің сотталғандармен байланысын және өтініштерді жоюды немесе жасыруды болдырмайды. Қазірдің өзінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша әрбір мекемеге терминал қойылып, жазасын өтеушілердің құқықтары қорғалуда. Терминалда ЖСН-нан бөлек сотталғандарды биометриялық деректері бойынша танитын арнайы бағдарлама бар, мәселен саусақ іздері арқылы" - деді өңірлік прокуратура өкілі.
Алдағы уақытта басқа мекемелерге де барып, сотталғандармен түсіндірме жұмыстары жүргізілетіні де нақтыланады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:02, 1 қазан 2023
Дәрігер қарт адамдар көбірек тұтынуы тиіс ас түрлерін атады
-
17:21, 1 қазан 2023
Еліміз бойынша 2 қазанға арналған ауа райы болжамы
-
17:03, 1 қазан 2023
Ресейлік теннисші Токиодағы WTA-500 санатындағы турнирдің чемпионы атанды
-
16:22, 1 қазан 2023
Су полосынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола медаль еншіледі
-
16:14, 1 қазан 2023
«Қазақконцерт» залында жоспарланып, бірақ өткізілмейтін болған қай өнерпаздардың концерті