ШҚО-да бір шенді пара алды деген күдікке ілінді

16:12, 17 қаңтар 2020

Шығыс Қазақстан облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "сыбайласа жемқорлық қылмысын жасады" деген күдікпен ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті жанындағы "Резерв" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның "Балқаш" филиалының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Ол қол астындағы жұмысшысынан пара алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Күдіктінің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!