ШҚО-да аулада жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның үстіне бетон құлады

19:54, 6 мамыр 2024

© Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

ШҚО-ның Серебрянск қаласында көпқабатты үйдің ауласында жоспарлы жұмыстар жүргізу кезінде үстіне қатты зат құлаған ПЖК-ның штаттан тыс қызметкері қысылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО ТЖД құтқарушылары зардап шегушіге көмекке келді.


"Сондай-ақ, құтқару жұмысына жүк тиегіш техникасын жұмылдыруға тура келді. Құтқару арқанының көмегімен бетон плитаны көтеріп, ТЖ қызметкерлері 1973 жылғы ер адамды жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды", делінген хабарламада.


Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!