Шетелге шығуға жаңа шектеу: кімдерге және қандай жағдайда тыйым салынуы мүмкін
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 1 шілдеден бастап салық берешегі кезінде ұйым басшыларының елден шығуына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 4 тамызда Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті толығырақ айтып берді.
Таратылған ақпарға сүйенсек, ҚР Салық кодексінің 189-бабына сәйкес салық органдары мына тұлғаларға қатысты шығуға уақытша шектеу қоюға құқылы:
- заңды тұлғаның бірінші басшысы (немесе оны алмастыратын тұлға);
- заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
- жеке кәсіпкер;
- жеке практикамен айналысатын тұлға.
Дегенмен, мұндай шара келесі шарттарды бір уақытта орындаған кезде ғана қолданылатындығы атап өтілді:
- салық берешегі белгіленген шекті мөлшерден асып кеткенде;
- берешек пайда болған күннен бастап үш айдан артық өтелмегенде;
- салық төлеушіге заңнамада көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылғанда (банктік шоттарды бұғаттау, дебиторлардан өндіріп алу, мүлікке билік етуді шектеу және т.б.).
"Шығуға уақытша шектеу қою туралы қаулыны салық органы шығарады, оны мемлекеттік кірістер органының басшысы (немесе оның орынбасары) қол қояды және Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен сот міндетті түрде санкциялауға тиіс. Сот санкциясы болмаса, шектеу қолданылмайды. Салық берешегі толық өтелгеннен кейін немесе салық міндеттемесі тоқтатылғаннан кейін шектеу жойылады. Жою туралы қаулы да соттың санкциялауына жатады",- делінген ақпаратта.
Ведомство салық төлеушілерге салық төлеушінің кабинеті арқылы бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйін үнемі қадағалап отыруды, салық міндеттемелерін уақтылы орындауды және салық органдарының хабарламаларына жедел ден қоюды ұсынады. Бұл шығуға уақытша шектеуді қоса алғанда, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданудан аулақ болуға мүмкіндік береді.
Берешектің бар-жоғы және оны өтеу тәртібі туралы сұрақтар бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге немесе электрондық сервистерді пайдалануға болады.
Бұған дейін Қазақстан шекарасында 13 мыңнан астам көлік тексерілгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:35, 4 тамыз 2026
Ресейдегі жанармай дағдарысы: Қазақстанда күзде азық-түлік қымбаттай ма
-
16:21, 4 тамыз 2026
46 жалған диплом: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
-
16:16, 4 тамыз 2026
«Мұндайларды түрмеге жабу керек»: Арман Шаққалиев «көлеңкелі» автодилерлер туралы қатаң пікір білдірді
-
16:10, 4 тамыз 2026
Алматының жаңа спорт нышаны: қалада УЕФА талаптарына сай 45 мың орындық стадион салынып жатыр
-
16:02, 4 тамыз 2026
Солтүстік Кипрдегі супермаркетте 22 жастағы қазақстандық бойжеткен ауыр жараланды





