46 жалған диплом: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
© Сурет: Telegram/gylym_jogary_bilim (ЖИ көмегімен жасалған)
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026 жылғы 4 тамызда елімізде анықталған жалған дипломдар мен оларды дайындаумен айналысқан интернет-ресурстар жөнінде маңызды мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство атап өткендей, қазіргі таңда интернет кеңістігінде жалған дипломдар туралы түрлі ақпарат кеңінен таралып жатыр.
"Құжаттардың заңсыз айналымының алдын алу мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 1991 жылдан бері берілген дипломдардың деректер базасын құрды. Министрлік білім беру туралы құжаттардың өзіндік үлгісінің мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды, сондай-ақ жоғары оқу орындары түлектеріне арналған осындай құжаттардың серияларын бекітті. Дипломдар арнайы модуль арқылы бірегей нөмірлер мен QR-кодтар беру жолымен қалыптастырылады. Жүйеге қол жеткізу құқығы осы модульде тіркелген, ресми түрде жауапты университет қызметкерлеріне ғана беріледі". ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Министрлік мәліметінше, дипломдарды генерациялау "Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы" (ЖББП) ақпараттық жүйесіндегі білім алушылар туралы деректер негізінде жүзеге асырылады.
"Егер білім алушы туралы ақпарат ЖББП-да болмаса, диплом нөмірін қалыптастыру мүмкін емес. Өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттарда генерацияланған бірегей нөмір мен QR-код болмаған жағдайда мұндай құжаттар жарамсыз деп танылады",- делінген ақпаратта.
Сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және ҚР Ішкі істер министрлігі жалған дипломдарды дайындау және сату фактілерін тұрақты түрде бақылап, тоқтатып отырады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес жалған құжаттарды жасау немесе қолдану айыппұл салуға, түзеу жұмыстарына немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыруға әкеп соғады.
Ведомство дерегінше, бүгінгі таңда 46 жалған диплом және оларды заңсыз дайындаумен айналысқан 20 интернет-ресурс анықталды. Материалдар ІІМ мен МАМ-ға жолданды.
"Сонымен қатар жоғары оқу орындары деректерді цифрландыру жұмысын жалғастырады, ал жұмыс берушілер дипломның түпнұсқалығын https://epvo.kz сервисі арқылы тексере алады. Дипломның электрондық нұсқасы электрондық үкіметтің ("Цифрлық құжаттар") мобильді қосымшасында да қолжетімді". ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Сөз соңында азаматтарға жалған дипломдарды жасау немесе пайдалану заңмен қатаң жазаланатыны ескертілді.
Бұған дейін білім беру гранттары конкурсына қанша талапкер өтініш тапсырғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:15, 4 тамыз 2026
Жазушы Мұрат Бектенов 80 жасқа қараған шағында дүниеден озды
-
17:05, 4 тамыз 2026
Қазақстан күрестен Түркиядағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды
-
16:56, 4 тамыз 2026
Қазақстандықтар несиені ешқандай шығынсыз мерзімінен бұрын өтей ала ма
-
16:47, 4 тамыз 2026
Соңғы күндердегі аптап ыстық пен нөсер жауын егінге қалай әсер етті
-
16:35, 4 тамыз 2026
Ресейдегі жанармай дағдарысы: Қазақстанда күзде азық-түлік қымбаттай ма





