Шетелдіктерге ЖСН беру кезінде олардың Қазақстанда заңды жүргені тексеріледі
© Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жобаға сәйкес, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстанда болу немесе тұру заңдылығын тексеру тәртібін енгізу көзделген. Тексеру иммигранттардың эталондық дерекқорындағы мәліметтер негізінде жүргізіледі.
ІІМ мәліметінше, жобаны іске асыру ЖСН қалыптастыру және түзету жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстанда заңды негізде жүргенін немесе тұрып жатқанын тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ осы қызметті көрсету кезінде пайдаланылатын мәліметтердің дұрыстығын арттырады.
Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланған. Оны қоғамдық талқылау 28 қазанға дейін жалғасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:27, 13 қазан 2026
Атырауда Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ халықаралық театр фестивалі басталды
-
13:00, 13 қазан 2026
Қазақстан президенті Бельгия Королі және Патшайымымен бірге Ұлттық музейді аралады
-
13:00, 13 қазан 2026
Орманнан шашы тақырлап алынған қыздың мәйіті табылды
-
12:54, 13 қазан 2026
Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жете алмады
-
12:42, 13 қазан 2026
Ерекше жаза: Түркияда рэперді қамаудың орнына әдебиет оқу курсына жіберді





