Қазақстан президенті Бельгия Королі және Патшайымымен бірге Ұлттық музейді аралады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Бельгия Королі Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Ұлттық музейге барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәртебелі меймандар музей кешенінің сәулеттік ерекшеліктерін тамашалап, Ұлы даланың мәдени-тарихи мұрасын таныстыратын экспозициялармен танысты.
Алтын залына ерекше назар аударылды. Мұнда бірегей археологиялық олжалар мен ежелгі зергерлік өнер үлгілері, соның ішінде Есік қорғанынан табылған "Алтын адам", сондай-ақ Берел, Талды-2, Тақсай және Шілікті обаларынан табылған алтын бұйымдар қойылған.
Этнография залында қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мәдениетімен танысты.
Сондай-ақ меймандарға бельгиялық суретші Джеймс Энсор шығармаларының көрмесі ұсынылды.
Сапар соңында Бельгия Королі мен Патшайымы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:24, 13 қазан 2026
Астаналықтар көрмеген пәтерлері үшін 5,3 млрд теңге төлеген
-
14:11, 13 қазан 2026
Ядролық сынақтар жүргізілген жер учаскелерін зерттеу тәртібіне өзгерістер енгізілді
-
14:04, 13 қазан 2026
«Цифрлық үкімет» ұсынатын цифрлық платформалар тізбесі жаңартылды
-
13:53, 13 қазан 2026
Алтын арзандап жатыр: бірі шығынға батса, енді бірі пайда табуға дайындалуда
-
13:42, 13 қазан 2026
Данияда мұғалімдерге мектепте тәртіп сақтау үшін оқушыларға күш қолдануға рұқсат берілуі мүмкін





