Ақмола облысында екі адам зейнеткердің үйіне заңсыз басып кірген
© Фото: zakon.kz
Ақмола облысында зейнеткердің үйіне заңсыз басып кіру фактісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астрахан ауданының полиция бөліміне ауыл тұрғыны, 63 жастағы зейнеткер 5 қаңтар күні кешкі сағат 21:30 шамасында екі жергілікті тұрғынның оның үйіне заңсыз кіргені туралы шағымданды.
Тергеу барысында анықталғандай, 25 және 31 жастағы ер адамдардың бірі терезе арқылы үйдің кіреберісіне еніп, іштен есікті ашып, сыбайласын кіргізген. Олардың айтуынша, бұл үйде ортақ танысын іздеген, алайда оны таппаған соң оқиға орнынан кетіп қалған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 149-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл бап тұрғынжайға қол сұғылмаушылықты бұзуға байланысты жауапкершілікті қарастырады.
Айта кетейік, тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, 200 сағатқа дейінгі мерзімде қоғамдық немесе түзету жұмыстарына тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген. Егер бұл әрекет зорлық-зомбылық, қорқыту, адамдар тобының қатысуы, түнгі уақытта немесе заңсыз тінту арқылы жасалса, кінәлі тұлғалар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Полиция қызметкерлері аталған оқиға бойынша тергеу жұмыстарын жалғастыруда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:45, 10 қаңтар 2025
Қазақстанда есірткі зертханаларын прекурсорлармен қамтамасыз ететін ірі қылмыстық желі жойылды
-
20:10, 10 қаңтар 2025
Астаналық ер адам тұрғын үй кешендерінің бірінде лифтпен «төбелескені» үшін жазаланды
-
19:54, 10 қаңтар 2025
Аида Балаева «Қазақфильм» жұмысындағы оң өзгерістер туралы айтты
-
19:23, 10 қаңтар 2025
Жетісу облысында өліммен аяқталған жол апатына кінәлі жүргізуші ұсталды
-
19:14, 10 қаңтар 2025
Қазақстандықтар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылады