Астанада жатақхана коменданты студенттерден 3 млн теңгеден астам ақша жинаған
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Әйел бес жыл бойы студенттер мен қызметкерлерден ақша жинап, сондай-ақ шетел азаматтарын сыйақы үшін тіркеуге қойған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот материалдарына сәйкес, комендант студенттер мен университет қызметкерлерінен ай сайын 14 300 теңгеден жинаған. Ол бұл ақшаны университет басшылығының тапсырмасы екенін айтқан. Алайда іс жүзінде бұл шындыққа сәйкес келмеген. Келтірілген материалдық шығын 3 млн теңгеден асты.
Сонымен қатар әйел университет құжаттарын қолдан жасап, жұмыс компьютері арқылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-қа бір жыл мерзімге уақытша тіркеу туралы анықтамалар рәсімдеу жөнінде өтініштер жіберген.
Осылайша университет жатақханасына барлығы 57 шетел азаматы тіркелген. Олардың әрқайсысын тіркегені үшін әйел 40 мың теңгеден алған.
Әйел өз кінәсін мойындамаған.
Комендантқа қатысты үкім 2026 жылғы 25 қыркүйекте шығарылды.
"Жасалған қылмыстардың мән-жайы мен ауырлығын, сондай-ақ келтірілген шығынның өтелмегенін ескере отырып, сот қылмыстар жиынтығы бойынша сотталушыға екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар үш жыл мерзімге ұйымдастыру-шаруашылық функцияларымен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды", – деп хабарлады Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:57, 30 қыркүйек 2026
Алматыда арнайы тұрақта көлік сақтау үшін ақы алына бастайды
-
14:45, 30 қыркүйек 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенге барды
-
14:35, 30 қыркүйек 2026
Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады: 1–3 қазанға арналған жаңартылған болжам жарияланды
-
14:05, 30 қыркүйек 2026
Францияда оқушылардың наразылығы жаппай тәртіпсіздікке ұласты
-
13:58, 30 қыркүйек 2026
Сағатына 100-ден 200 теңгеге дейін: 4 қазаннан бастап Алматыда автотұрақ ақысы қалай өзгереді





