Щучинскіде жарылыс кезінде қаза тапқандардың отбасына 4 млн теңгеден төлем төленді
© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Щучинскіде "Палау орталығында" болған жарылыс кезінде қаза тапқандардың отбасыларына төленетін біржолғы төлемдер 2 млн теңгеден 4 млн теңгеге дейін ұлғайды. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өткізген жедел штабтың көшпелі отырысында айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы ағымдағы жағдайды өңір басшысы Марат Ахметжанов жедел штаб мүшелерімен талқылады. Қабылданған әрекет ету және оқиғаны жою шаралары, сондай-ақ зардап шеккендердің жағдайы туралы аудан әкімі Арай Садықов, ТЖД басшысының орынбасары Мұрат Қанғожинов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина баяндады, делінген 2026 жылғы 28 ақпандағы облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
"Азаматтардың қауіпсіздігі сөзсіз басымдық болып қалуы тиіс. Осы бағытта қосымша ұйымдастырушылық және алдын алу шаралары қабылданады. Біз зардап шеккен отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетеміз", – деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Облыс әкімі зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуді, медициналық көмектің уақытылы көрсетілуін және жедел жәрдем бригадаларының тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыруды, сондай-ақ оқиға себептерін объективті тергеуді, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды және қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды.
Айта кетейік, қаза болған алты отбасыға 2 млн теңге көлемінде біржолғы төлемдер берілді. Қаза тапқандардың отбасыларына дәмхана иесі қосымша 2 миллион теңгеден төледі. Өмірлік қиын жағдайға тап болған бес отбасының несиелері демеушілік қаражат есебінен өтелетін болады. Сондай-ақ заңнамаға сәйкес әлеуметтік төлемдер тағайындалды.
Еске сала кетсек, газ-ауа қоспасының жарылысынан "Палау орталығы" дәмханасы өртке оранды. Салдарынан 28 адам зардап шекті, 5 адам оқиға орнында қаза тапты, тағы екеуі ауруханаға жеткізілген кезде көз жұмды. 13 адам медициналық көмек алуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:45, 28 ақпан 2026
Иранға жасалған шабуыл: АҚШ-тың да қатысы бар - БАҚ
-
12:19, 28 ақпан 2026
Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасының көзі жойылды
-
12:13, 28 ақпан 2026
Сирек кездесетін ауруға шалдыққан, ойыншық тоқитын алматылық қызға бетпердедегі қайырымды жан қол ұшын созды
-
12:08, 28 ақпан 2026
Израиль Иран астанасына әуеден соққы берді
-
11:29, 28 ақпан 2026
Атырауда көп қабатты тұрғын үйден өрт шығып, жеті адам құтқарылды





