Өскемендегі сары аяз: ҚАЖ қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, көшеге шықты

19:35, 27 ақпан 2026

© Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Өскеменде қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, аязды күндері "Халыққа көмек" акциясын бастады. Қақаған аязда кейбір жолаушылар автобусы кешігіп, сол секілді тұрғындар көлігінің орта жолда бұзылып, тұрып қалу жағдайы жиі кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осындайда аялдамада көп тұрып қалған өскемендіктер көмекке зәру болары анық.

"Өскеменде кезекті аяз күш алып тұр, 0-11 сынып оқушыларының сабақтары онлайн тәртіпке көшті. Қала тұрғындарының аязда тоңып , үсіп қалмауы үшін қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері мен еріктілер жан-жақты сүзуге кірісті. Олар аялдамаларда ұзақ тұрғандарды баратын жерлеріне жеткізіп, ал бұзылған автокөлік иелеріне көлікті іске қосуға немесе итермелеуге көмектесті, сондай-ақ қақаған суықта көшеде жүргендерге ыстық шай мен бауырсақтар ұсынды", - дейді ШҚО бойынша ҚАЖД-ның ресми өкілі Салтанат Дәулетбек.

Аталған акция аяздың беті қайтқанша жалғасатыны да нақтыланады.

Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылы 28 ақпанда, сенбіде еліміздің екі өңірінде қатты аяз болатынын ескертіп, өз болжамдарымен бөліскен. -41°С дейін: Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!