Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасының көзі жойылды
© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қарағанды облысы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңір аумағында синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан жасырын есірткі зертханасының қызметін тоқтатты. Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметінше, оның тұрғылықты жерін тінту кезінде дайын есірткі заты мен прекурсорлар құйылған канистрлер, түрлі жабдықтар және химиялық реагенттер тәркіленді.
"Жалпы алғанда 40 келі дайын есірткі және шамамен 5 тонна прекурсордың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді. Олардың құны 2 млн АҚШ долларынан асады. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті Telegram-арналардың бірінің кураторымен байланыста болған. Ал дайын өнімді облыс аумағында таратуды көздеген. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Прекурсорларды жеткізу арналары анықталуда. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:48, 28 ақпан 2026
Интернет-алаяқтар белсенділік танытуда - Бас прокуратура
-
14:36, 28 ақпан 2026
Қазақстанда көктемнің алғашқы күнінде қатты аяз сақталып, күн суық болатыны болжанады
-
14:29, 28 ақпан 2026
Қазақстанның арнайы жасағы UAE SWAT Challenge турниріндегі жеңіс қандай күшпен келгенін көрсетті
-
14:08, 28 ақпан 2026
Air Astana Таяу Шығысқа қатынайтын барлық рейстің тоқтатылғанын хабарлады
-
13:41, 28 ақпан 2026
Трамп Иранға жасалған шабуыл туралы: АҚШ кең көлемді операцияны бастады





