Шапка деген қалпақ емес, шапка деген ақша! Кәсіп ашу грантын ел параға алып жатыр

16:45, 28 қыркүйек 2020
1069

Бизнестің жол картасы мемлекеттік бағдарламасы бар. Ол кәсіпкерлікті дамытуды көздейді және шаруасын дөңгелеткісі келетін азаматтарды жан-жақты қолдауға бағытталған. Шағын бизнестің аяқтануына септігін тигізетін тетіктердің бірі грант бөлу. Яғни қайтымсыз ақша беру. Мемлекет 2 ден 5 миллионға дейін кәсіп аш деп қаражат береді, үміткер оны пайдаға асырып жұмысын жөнге келтіруі тиіс, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Алайда осы тұста бармақ басты көз қысты әрекеттер бар. Жаңағы гранттың ақшасын алып, кәсіп ашудың орнына үйін жөндеп, көлік мініп, я кредиттерін жауып алатындар жетіп артылады екен. Құжатта қырып жоямын деп бизнес жоспар көрсетеді, оны өткізу үшін әлгі 2-3 млн теңгесінен шапка береді. Яғни пара. Шағын кәсіппен шындап айналысам дейтіндер осындай келеңсіздіктер болып жатыр деп дабыл қағуда. Миллиондарды қайдам, 555 мың тг грантты алу үшін де береді екенсің.

Алмақ болсаң бермек керек. Бұл қағиданы шамасы кей пысықай кері түсінсе керек. Сонымен пара беріп грант алғандар да, грант алып кәсіп ашқандар да, еленбей ескерілмей қалғандар жайлы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Самал Атагелді, бизнес-тренер, кәсіпкер:

"Шапка беру деген сөз. Бұл бұрыннан келе жатқан сөз. Оңтүстік өңірде жақсы жұмыс жасайтын, жақсы қолданатын сөздердің бірі".

Сонымен. 500 мың алғың келсе 150 мың. 5 млн теңге үшін 600 мың бер деген сыңайдағы жазбалардан көз сүрінеді. Салтанат есімді пікір иесімен телефонмен тілдестік.

- Шапка сұрағаны рас па?
- Рас.
- Соны айтып бере аласыз ба?
- Жоқ, ол туралы айта алмаймын сізге! Ол елге жайып жүретін әңгіме емес.

Елге жая алмайды, өйткені:

Самал Атагелді, бизнес-тренер, кәсіпкер:

"Ой, біреудің бауыры ғой, ағасы ғой, баласы бар обал деген бізде бар ғой. Біздің менталитетке байланысты қашады айта алмайды".

Жазира Бекматулла, кәсіпкер, тігінші:

"Комиссия мүшелері қарап жатқан кезде менің видеом 1 мин қысқарып, ортасындағы керекті моменттер қиылып алынып тасталған".

Әлбетте, конкурс болған соң, жеңілген де, жеңген де болады. Айы оңынан туған Жәнел кеше ғана үшінші баласын босанды. Сегіз жасынан еңбекке араласқан жетім қыздың бір перзенті аутизмгк шалдыққан соң, жазатын маман таппаған. Сөйтіп, дәл осы бағытта жоба жасайды.

Жәнел Шаймарданова, кәсіпкер:

"Менің жобамның мақсаты ерекше балаларға арналған оқу жабдықтарын дайындайтын цехын ұйымдастыру болды".

Көңілдегі күдіктегі жасырмай, шапка бердіңіз бе деп ашық сұрадық.

"Жоқ. ондай жоқ! принципиально жемқорлық, рахмет айту дегенге жоқпын!".

Қош. Биыл "Бизнестің жол картасы- 2025" бағдарламасына 600-дей жоба ұсынылған. Оның 10 процентке жуығы жеңімпаз атанды. Бұл бағытқа бюджеттен 260 млн теңге қарастырылып отыр.
Биыл қатысушылардың саны жылдағыдан екі есе көп. Саны артқанымен, сапа соншалықты өспепті. Тиісінше, бірін-бірі қайталаған жоба көп. Мұны тіпті коммисияның өзі де мойындайды.

Самал Атагелді, бизнес-тренер, кәсіпкер:

"Неге бір жоба өтеді. Соған ұқсайтын екінші жоба өтпейді. Бұл жерде ашықтық болмады!".

Иә, біткен іске сыншы көп қой. Десе де, ақшаны алып ап, қалтаға басып, мақсатсыз жұмсағандар жетеді. Мына жылыжайдың иесі былтыр 550 мыңның грантын жеңіп алып, гидропоника орнатуы тиіс еді. Алайда, гидропоника тұрмақ, жылыжайдың өзі құлайын деп тұр. Жоба иесін үйінен таппадық. Телефон шалып, істеп тұрған жылыжайыңды көрсет деп сұрадық!

Айнұр, кәсіпкер:

"Жоқ, ойбай, осындай әдемі, прозрачный қылып көрсетуіміз керек десеңіз, 65-мектеппен келісейік, сол жерде солардың оборудованиесі бар. Қасында әртіс сияқты ойнап бер десеңіз, ойнап бере аламын...".

Жолай, кәсіп ашам деп 550 мыңдық грантты ұтқан Бағила есімді әйелге хабарластық. Алмады, келіскен мекенжайға келдік.

- Багила? Багилу знаете?
- Нет, я арендую же.

Жоба бойынша бұл жер негізі дүкен болуы тиіс екен. бІрақ өздеріңіз көріп тұрсыздар, асхана!

Бұл асхана Бағиланыкі деп қалмаңыз. Демек уәде еткен дүкен жоқ. Келісім-шарт бойынша, жоба жеңімпазы 1 жыл бойы кәсібіне қатысты жаңалықтармен жұмыспен қамту орталығымен бөлісіп отыруы керек. Өйткені алмақтың салмағы бар.

Гауһар Әбдірова, Жұмыспен қамту орталығы кәсіптік оқыту бөлімінің басшысы:

"2019 жылы атамекен бізбен бірге мониторинг жасап, ол бойынша біз 492 адамды талаптарды орындалмаған дегенге көз жеткізіп отырмыз".

Әрине, бәрін жемқор, бәрін алаяқ деуден аулақпыз. Еңбек, бизнестің жол картасы бағдарламалары қай-қайсысын алсаңыз да, түпкі мақсаты түсінгенге жақсы! Бірақ ол да пендешіліктен қорғалмаған. Бірі тоқшылықтың, екіншісі жоқшылықтың салдары.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!