Сенатқа барған Маңғыстаудың экс-әкімі нендей қызметке жауапты

10:04, 16 қыркүйек 2021

© Сурет: mangystau.gov.kz

Серікбай Трұмов Сенаттағы отырыста ант берді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Кездесуде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының Жарлығымен Серікбай Трұмовтың Сенат депутаты болып тағайындалғанын, өзінің еңбек жолында Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы, қала мен облыстың әкімі болып жұмыс істегенін еске салды.

Мен Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, маған сеніп тапсырылған депутаттың жоғары міндеттерді адал орындауға ант етемін, - деді Трұмов.

Отырыс барысында Серікбай Трұмовтың Аграрлық мәселелер және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінде жұмыс істейтіні айтылды.

Сіздің ел мүддесі үшін ары қарай да жемісті жұмыс жасайтыныңызға сенеміз. Тағы бір рет сізді қызметке тағайындалуыңызбен құттықтаймын және сәттілік тілеймін, - деді Мәулен Әшімбаев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!