Сенат ЛГБТ-насихатына тыйым салу туралы заңды мақұлдады
© Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 18 желтоқсанда Сенат депутаттары архив ісі мәселелері және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу туралы заңды екінші оқылымда мақұлдады. Құжат мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Қорытындыда заңды қабылдаудың негізгі мақсаттары ретінде архив ісі саласындағы заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік архивтердің қызметін тиімді ету және балалардың құқықтарын қорғау көрсетілген.
"Заңмен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 12 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Сонымен қатар "Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" заңының қолданылу аясы архив құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану бағытында кеңейтіледі. Ұлттық архив қорының құрамы тәжірибелік-конструкторлық, жобалау-сметалық және қала құрылысы құжаттамасымен, сондай-ақ олардың сызбалары мен мәтіндік жазбаларын қоса отырып ұлғайтылады", – делінген құжатта.
Сондай-ақ Ұлттық архив қорының және өзге де архив құжаттарының құрамында жеке адамның жеке өміріне, жеке және отбасылық құпиясына қатысты мәліметтер болған жағдайда, оларға қолжетімділік құжат жасалған күннен бастап 75 жыл мерзімге шектелетіні атап өтілген.
"Заңда электрондық архивке құжаттарды жүргізу және сақтау тәртібі реттеледі. Электрондық архив – уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес электрондық форматта ұйымдастырылып, сақталатын электрондық архив құжаттары мен архив құжаттарының электрондық көшірмелерінің жиынтығы болып табылады. Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау мақсатында мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, соның ішінде бірлесіп қаржыландыру арқылы жасалған, тарихи-мәдени және ғылыми құндылығы бар аудиовизуалды құжаттардың міндетті даналарын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік архивтерге тапсыруы жөніндегі норма бекітіледі", – делінген қорытындыда.
Сонымен қатар, балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау мақсатында заңда қоғамдық кеңістікте, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация желілері мен онлайн-платформалар арқылы педофилияны және дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттайтын ақпаратты орналастыруды шектеу нормалары көзделгені атап өтілген.
"Заңды қабылдау нәтижесінде Ұлттық архив қоры мен Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының сақталуы қамтамасыз етіледі, цифрландырылған құжаттардың үлесі артады және өскелең ұрпақтың санасы құқыққа қайшы контенттен қорғалады", – деп көрсетілген құжатта.
Бұған дейін Қырғызстанда қалың қарды кешіп мектепке барған оқушы Садыр Жапаровтан сыйлық алғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:51, 18 желтоқсан 2025
Тоқаев Хироши Микитаниді қабылдады
-
17:49, 18 желтоқсан 2025
Қазақстан мен Қатар еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау жөніндегі ынтымақтастықты растады
-
17:33, 18 желтоқсан 2025
Абай облысында мас жүргізуші полицейлерден қашпақ болды
-
17:20, 18 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: спринтте үш қазақстандық спортшы өнер көрсетеді
-
17:12, 18 желтоқсан 2025
Қазақстанда 19 желтоқсанда қар жауып, боран соғады





