Семейде 77 жастағы кейуананы көлік қағып өлтірді
© Сурет: Zakon.kz
Семейде көлік қағып кеткен 77 жастағы зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Volkswagen Vento маркалы автокөлік жүргізушісі Сәтбаев көшесіндегі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде 77 жастағы кейуананы қағып кеткен.
"Жедел жәрдем келгенге дейін жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін жылдамдықты асырмай, жаяу жүргіншілер өткелдерінде барынша мұқият болу қажет екенін ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:42, 1 қаңтар 2025
Қостанай облысында жаңа жыл түні қар құрсауында қалып кеткен көлікке көмек көрсетілді
-
11:31, 1 қаңтар 2025
Төтеншеліктер ескерту жасады: Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
-
10:58, 1 қаңтар 2025
Қазақстанда Жаңа жыл түнінде 181 сәби дүниеге келді
-
10:52, 1 қаңтар 2025
Құрманәлиев, Майқанова, Бағланова, Римова: Бүгін өнердің дүлдүлдері дүниеге келген күн
-
09:39, 1 қаңтар 2025
Өскеменде өрт сөндірушілер Жаңа жылды тойлаған жеті адамды эвакуациялады