Елімізде доллар бағамы өсуін жалғастыруда

© Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 31 желтоқсанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,54 теңгеге көтеріліп, 525,11 теңгені құрады.
Таңғы сауданың қорытындысы бойынша юань бағамы 0,10 тармаққа төмендеп, 71,85 теңгені құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 525,74-530,07 теңгеге, еуро 543,93-551,07 теңгеге, рубль 4,92-5,07 теңгеге сатылуда.
31 желтоқсандағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы өсіп жатыр.
Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,3%-ға өсіп, барреліне 74,4 долларды құрады. Америкалық West Texas Intermediate (WTI) мұнайы 0,45%-ға көтеріліп, барреліне 70,92 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 523,54 теңге, еуроны 546,47 теңге, рубльді 4,99 теңге деп белгіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:04, 14 ақпан 2025
14 ақпандағы саудада доллардың төмендеуі жалғасуда
-
11:26, 14 ақпан 2025
Алматы және Астана айырбастау пункттеріндегі 14 ақпандағы валюта бағамы
-
15:58, 13 ақпан 2025
500 теңгеден төмен: 13 ақпандағы сауда сессиясында доллар бағамы тағы төрт теңгеге арзандады
-
11:52, 13 ақпан 2025
Алматы және Астана айырбастау пункттеріндегі 13 ақпандағы валюта бағамы
-
15:51, 12 ақпан 2025
Доллар бағамы тағы бес теңгеге арзандады