Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен әрекетке қабілетсіз адамның құқықтары қорғалды

12:08, 18 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

Целиноград ауданы прокуратурасымен жақын туысы мұрагерліктен заңсыз айырған әрекетке қабілетсіз адамның құқықтары қорғалды.

Әрекетке қабілетсіз азаматының анасы қайтыс болған соң мұра ашылғандығы анықталды.

"Алайда, оның туған әпкелерінің бірі, нотариустан бірінші кезектегі мұрагер бар екендігін жасырып, 6 ай өткеннен соң, өзінің туған бауырын мұрасыз қалдырып, анасының барлық мүлкіне мұрагерлік құқық туралы куәлікті тек өзіне алған." Ақмола облысының прокуратурасы

Аудан прокуратурасымен әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін сотқа мұрагерлікті қабылдау үшін мерзімді қалпына келтіру және мұрагерлік құқығы туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы талап қою арызы, сонымен қатар әпкесінің мұрагерлік мүлікті иеліктен шығару бойынша шаралар қабылдай бастауына байланысты аталған мүлікке тыйым салуы туралы өтініш берілді.

Сотпен прокурордың талап қою арызы толығымен қанағаттандырылды, әрекетке қабілеттілігі жоқ тұлғаға мұрагерлікті қабылдау бойынша мерзімі қалпына келтірілді, әпкесіне берілген мұрагерлік құқық туралы куәлік жарамсыз деп танылды. Соттың шешімі заңды күшіне енді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!