Ақмола облысында ірі есірткі зертханасының көзі жойылды
© Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті Ерементау ауданындағы прокуратура органдары үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі затының кезекті партиясын дайындап жатқан кезінде ұсталып, соттың санкциясымен Қазақстан азаматы қамауға алынды.
"7 келіге жуық "мефедрон" психотропты заты, 100 литрден астам прекурсор, сондай-ақ синтетика жасауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленді", делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:09, 19 қазан 2024
«Хезболла» дронмен Нетаньяхудың Кейсариядағы резиденциясына шабуыл жасады
-
12:44, 19 қазан 2024
ХАМАС қозғалысының көшбасшысы неден көз жұмғаны белгілі болды
-
12:26, 19 қазан 2024
Қырғызстандағы Ақ-Сай шатқалында қар көшкіні жүріп, алты адам қаза тапты
-
11:55, 19 қазан 2024
Алматы облысы полиция департаментінің басшылығында жаппай ауыс-түйіс болды
-
11:55, 19 қазан 2024
Алматы облысы полиция департаментінде бірнеше басқарма басшысы қызметінен босатылды