Семей әуежайына Мұхтар Әуезов есімі берілуі мүмкін

15:43, 22 ақпан 2019

Халық алдында есептік кездесуін өткізу барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей әуежайына жазушы және драматург Мұхтар Әуезовтың есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Семей – еліміздің рухани, мәдени орталықтарының бірі. Абай, Шәкәрім, Мұхтар сияқты ұлы тұлғалар осы жерде дүниеге келген. Семейде Абайдың аты берілген нысандар жетерлік. Абай музейі, Абай театры, Абай кітапханасы бар. Оның үстіне, «Абай Арена» мәдени-спорттық кешені салынып жатыр. Ұсыныс өте орынды. Бұл ретте біз жерлесіміз, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің есіміне назар аударуымыз керек сияқты", - деді облыс әкімі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!