Батыс Қазақстан облысында екі оқушы қыз жүкті болып қалды
© Сурет: pixabay
Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 2025 жылы кәмелетке толмаған екі қыз жүкті болып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мой город" порталының жазуынша, кейінгі бес жылда облыста 12 жасөспірім қыз жүкті болса, оның жетеуі Оралда тіркелген.
Жарияланған статистикаға сәйкес, 2020 жылы бір, 2021 жылы үш, 2022 жылы үш, 2023 жылы екі, 2024 жылы үш кәмелетке толмаған қыз жүкті болып қалған.
"Жасөспірімдерде жүктілік кезінде асқынулар болуы мүмкін, мысалы, эклампсия, босанғаннан кейінгі эндометрит және жүйелі инфекциялар қаупі жоғары. Ерте жүктілік кезінде балалардың салмағы төмен болады, шала туады және ауыр неонатальды асқынулар жиі кездеседі. Жасөспірімдердегі жүктілік көбінесе түсікпен аяқталады. Әсіресе, алғашқы түсік түрлі асқынуға, соның ішінде бедеулікке себеп болуы мүмкін", - деп хабарлады ведомство.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 23 қаңтар 2025
Бейбіт Жұқаев қазақстандық дербиде жеңіске жетіп, Португалиядағы турнирдің 1/4 финалына шықты
-
22:04, 23 қаңтар 2025
Ақтөбеде танысын өлтіріп, оның денесін тоңазытқышта сақтаған күдіктілерге қатысты сот басталды
-
21:53, 23 қаңтар 2025
Көкшетауда дәрігерлерге күш көрсеткен ер адам қамалып, ал әйелі айыппұл арқалады
-
21:45, 23 қаңтар 2025
Саранда дүкен сатушысын пышақтап өлтірген күдікті ұсталды
-
21:29, 23 қаңтар 2025
Абай облысында жоғалған малшы табылды