Ақтөбеде танысын өлтіріп, оның денесін тоңазытқышта сақтаған күдіктілерге қатысты сот басталды
© Сурет: видео скрині/КТК
Ақтөбеде танысының денесін бөлшектеп, басы мен ішкі құрылысын тоңазытқышта сақтаған екі күдіктіге қатысты сот басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жантүршігерлік оқиға 2024 жылы күзде Хромтау қаласында болған.
КТК телеарнасының хабарлауынша, алғашқы сот отырысына екі сотталушы келмеді. Олар сотқа абақтыдан онлайн қатысты.
Екі соталушы пышақтап өлтірген адаммен бірге арақ ішкен. Бәрі - бұрын істі болып, түрмеге отырып шыққандар. Өлі денені кескілеп, қала сыртындағы кен орнына лақтырған, ал марқұмның басы мен ішкі құрылысын тоңазтқышқа сақтап қойған.
"Сотталушы Панаскин мас күйде танысымен сөзге келіп, ішіне пышақ тығып алады. Марқұм сол жерде қайтыс болған. Лукин ас үйден өлі денені жуынатын бөлмеге апарған. Сол жерде дене мүшелерін кескілеп, бөлшектеп, сөмкеге салып, қылмыстың ізін жасыру мақсатында Хромтау қаласының шетіндегі карьерге апарып лақтырған". Мемлекеттік айыптаушы Жанар Қабдышева
Процеске сотталушылардың жары мен бірінің анасы қатыс. 40 жастағы Михаил Лукиннің шешесі ұлынан безініп, оның "қандықол қылмыскер" екенін айтып отыр. Оның ұлы қылмыстың ізін жасырмақ болғаны үшін айыпталып жатыр. Бұған дейін өз анасының саусақтарын кесіпті.
80-ге таяған кейуана тергеушілермен бірге ұлының пәтерін тінту кезінде "көрген нәрселерден жүрегім тоқтап қала жаздады" деп отыр.
"Ұлыма үш бөлмелі пәтерімді тастап, қызымының үйіне көшіп кеткен едім. Ол маған күн бермеді. Тергеуші сол пәтердің кілтін ашып беруді сұрады. Бірге барып қарағанда сұмдыққа тап болдық. Тоңазытқышты ашқан тергеушінің көзі шарасынан шығып кете жаздады. "Әже, сіз қарамаңыз" деді. Ол басқа бөлмеге кеткенде, тоңазқышты ашып қарағанда талып қала жаздадым. Ішінде табақ толы адамның ішкі құрылысы. Кесілген бас та сонда сақтаулы екен. Айтатыны жоқ, сұмдық!"Сотталушының анасы Любовь Лукина
Танысына пышақ сұққан Константин Панаскин 37 жаста. Досы Михаилмен бірге сотта істі алқа билер қарасын деп отыр. Судья да мұны мақұлдады. Келесі процесс екі аптадан соң болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 23 қаңтар 2025
Бейбіт Жұқаев қазақстандық дербиде жеңіске жетіп, Португалиядағы турнирдің 1/4 финалына шықты
-
22:24, 23 қаңтар 2025
Батыс Қазақстан облысында екі оқушы қыз жүкті болып қалды
-
21:53, 23 қаңтар 2025
Көкшетауда дәрігерлерге күш көрсеткен ер адам қамалып, ал әйелі айыппұл арқалады
-
21:45, 23 қаңтар 2025
Саранда дүкен сатушысын пышақтап өлтірген күдікті ұсталды
-
21:29, 23 қаңтар 2025
Абай облысында жоғалған малшы табылды