Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы одан әрі дамыту мәселелерін талқылады
© Сурет: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов 2025 жылғы 23 қаңтарда экономика және кәсіпкерлік саласындағы сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесудің басты мақсаты – экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу бойынша Үкіметтің экономикалық блогының шаралары мен тәсілдерін талқылау. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин еліміздегі қазіргі экономикалық жағдай туралы баяндап, өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, өңірлерде өсімнің жаңа мүмкіндіктерін іске қосу жөніндегі міндеттерді шешу үшін салық-бюджет реформасын жүргізу тәсілдерін айтты.
Кездесуге қатысушылар мемлекеттік қаржыны тұрақтандыру және оларды тиімді пайдалану шаралары бекітілген жаңа Салық және Бюджет кодекстері жобаларын талқылады.
Кездесу барысында "Атамекен" ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов, "Қазақстан машина жасаушылар одағы" ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, "Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы" ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец, "Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы" ЗТБ президенті Виктор Микрюков, "Атамекен" ҰКП төралқасы Фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтер комитетінің төрағасы Нұржан Отарбаев, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" ЗТБ Кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова, "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Мағзұм Мырзағалиев ұсынылып отырған өзгерістердің экономиканың түрлі салаларына әсері туралы айтты.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Директорлар кеңесінің төрағасы Жақсыбек Құлекеев, "NAC Analytica" Корпоративтік қоры басқармасының төрағасы Расул Рысмамбетов, "Dasco Consulting group" ЖШС басқарушы серіктесі Дәрмен Сәдуақасов, "Fortune Partners" ЖШС бас директоры, MNU салық құқығы мектебінің басшысы Дана Тоқмурзина, ҚМ Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Рустам Жүрсінов, "Комментарий" талдау тобының жетекшісі, экономист Эльдар Шамсутдинов байыпты пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ талқылауға "Талап" Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев, "DESHT" талдау орталығының жетекшісі Қуаныш Жайықов, экономист Ғалымжан Айтқазин, тәуелсіз қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев, "Visor Kazakhstan" инвестициялық компаниясының басқарушы серіктесі Алмас Чукин және басқалар қатысты.
Премьер-министр кездесуге қатысушыларға сындарлы диалог үшін алғыс білдіріп, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктеріне салық-бюджет саласын реформалау мәселелері бойынша айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.
"Президент нақты секторды дамытуды күшейте отырып, экономика құрылымын өзгерту міндетін қойды. Сондықтан талқыланатын реформалар еліміз үшін маңызды. Салық-бюджет реформасы экономиканы одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты жетілдірудің пәрменді тетігі болмақ", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Үкімет экономикалық өсуді ынталандырудың барынша тиімді шараларын пысықтау үшін сарапшылармен белсенді түрде жұмыс істеуді жалғастыруда.
Бұған дейін Самара – Шымкент тас жолында 82 шетел азаматының құтқарылғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:50, 23 қаңтар 2025
Астана қаласының мемлекеттік шығармашылық тапсырысының ата-аналары, жеткізушілері мен жаттықтырушыларының назарына
-
19:21, 23 қаңтар 2025
Тоқаев Грекиядағы және Кипрдегі елшілерді тағайындады
-
19:10, 23 қаңтар 2025
Сауда министрлігі картоп бағасына қатысты маңызды мәлімдеме жасады
-
19:04, 23 қаңтар 2025
Павлодар облысындағы ауыл тұрғындары бір сәтте мектепсіз қалды
-
18:56, 23 қаңтар 2025
ІІМ: Қаңтар айының басынан бастап 250 келіден астам есірткі тәркіленді