Сарыөзек гарнизонында 52 пәтердің кілті табысталды
Сарыөзек гарнизонының әскери қалашығында – айтулы күн. Әскери қызметшілердің отбасы күрделі жөндеуден өткен пәтерлеріне қоныстануда, деп хабарлайды Mail.KZ.
Әскери қалашықтағы тұрғын үй ғимараттары өткен ғасырдың 70-80 жылдары салынған. Күрделі жөндеудің нәтижесінде көптеген үйлерге сән кіріп, жаңа кейіпке және тұруға ыңғайлы қалыпқа енді.
Барлық пәтерде су, жылу құрылғылары ауыстырылып, сондай-ақ толық ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Пластикалық терезелер орнатылып, ішкі және сыртқы есіктер жаңартылды.
Үйдің сырты отқа төзімді жылу оқшаулағыш материалдармен қапталған, балкондар металл жақтаулармен күшейтілген.
Сарыөзек гарнизонының бастығы подполковник Ержан Ембергенов пен аудандық пайдалану бөлімінің басшысы майор Бейбіт Жұмабаев қоныс тоймен құттықтап, кілттерді табыс етті.
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:50, 7 мамыр 2024
Қазақстанның ең жас автошабандозы жол апатынан қаза тапты
-
17:37, 7 мамыр 2024
7 мамыр - Астанада бокстан медальдар «жауған» күн!
-
16:52, 7 мамыр 2024
«Нөсер жаңбыр, бұршақ, найзағай». Еліміз бойынша 8 мамырға арналған ауа райы болжамы
-
16:42, 7 мамыр 2024
Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында ұзындығы 300 шақырымнан асатын бөгет салынды
-
16:33, 7 мамыр 2024
Бауыржан Момышұлы ерлігі – көпке үлгі