Саран қаласында сатушыны өлтірді деп танылған күдіктінің азаматтығы жоқ болып шықты
© Фото: pexels
Азық-түлік дүкенінің сатушысын өлтірген 50 жастағы Саран тұрғыны әлемнің бірде-бір елінің азаматы емес, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Патриот" Telegram-арнасы ұсталған адамның адвокатынан оның клиентінің неліктен азаматығы жоқ екенін сұраған.
"Оның өзіндік тарихы, өмірлік қиындықтары бар. Қазақстан азаматтығын алмауына белгілі бір жағдайлар әсер еткен",- деп жауап берді адвокат Евгения Толстова.
Сондай-ақ, адвокаттың қызметін мемлекет төлейтіні белгілі болды, себебі күдіктінің жеке қорғаушыға қаражаты жоқ. Саран қалалық сотының судьясы Мадияр Батталов оны екі айға, яғни тергеу кезеңіне қамауға алды.
Айыпталушының айтуынша, оның кісі өлтіру ниеті болмаған. Ол тек сатушыны қорқытқысы келіпті, алайда одан қарсы шабуыл күтпеген. Белгілі болғандай, 22 қаңтарда таңертең ол Қарағандыдан Саранға таксимен келген, бірақ жол ақысын төлеуге қаражаты болмаған. Содан кейін ер адам жүргізушіге ұялы телефонын кепілге қалдырып, ақша әкелуге уәде берген.
Осылайша ол, жақын маңдағы дүкенді тонауға шешім қабылдапты.
"Ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ерекше жағдайларда мерзім ұзартылуы мүмкін",-деп жазды "Патриот" Telegram-арнасы.
Тұтқындалған адам отбасылы. Қарағанды қаласының ЖШС-нің бірінде құрылыс мамандығы бойынша жұмыс істеді.
Бұған дейін Түркістан облысында полиция 4 жыл бұрын жоғалған қызды іздеп тапқандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:37, 15 ақпан 2025
«Медеуде» жаппай сырғанауға бірнеше күнге тыйым салынады
-
17:24, 15 ақпан 2025
ChatGPT-ты жасаушы компания Илон Масктың ұсынысынан бас тартты
-
16:55, 15 ақпан 2025
Ұлытау облысының әкімі су тасқынына қарсы қабылданған шараларды тексеріп, нақты тапсырмалар берді
-
16:17, 15 ақпан 2025
«Қар жауып, жауын-шашын түседі». Еліміз бойынша 16 ақпанға арналған ауа райы болжамы
-
16:10, 15 ақпан 2025
Алматы қалалық ТЖД көктем алдында мореналық көлдерге көктен шолу жүргізуді
Танымал жаңалықтар
-
18:28, 14 ақпан 2025
-
19:56, 14 ақпан 2025
-
20:15, 14 ақпан 2025
-
22:13, 14 ақпан 2025
-
17:59, 14 ақпан 2025
-
20:43, 14 ақпан 2025
-
21:52, 14 ақпан 2025
-
18:51, 14 ақпан 2025
-
18:42, 14 ақпан 2025
-
18:11, 14 ақпан 2025
-
21:15, 14 ақпан 2025
-
17:51, 14 ақпан 2025
-
19:50, 14 ақпан 2025
-
17:59, 14 ақпан 2025
-
19:16, 14 ақпан 2025