Ұлытау облысының әкімі су тасқынына қарсы қабылданған шараларды тексеріп, нақты тапсырмалар берді

16:55, 15 ақпан 2025

© Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Көктемгі су тасқынына дайындық аясында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков су басу қаупі жоғары елдімекендерді аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылап, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында әкім қабылданып жатқан шаралардың тиімділігіне назар аударып, жұмыс қарқынын арттыруды талап етті.

Алдымен, Жезді өзенінің 2 шақырымдық аумағында жүргізіліп жатқан санация жұмыстары тексерілді. Әкім жағалауларды нығайтуды және су өткізу жүйелерін ретке келтіру бойынша тапсырмалар берді. Барлық жұмыстар екі апта ішінде толық аяқталуы тиіс.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Дастан Рыспеков "Жезқазған – Петропавловск" республикалық маңызы бар автожолының қазіргі жағдайымен танысты. Жезқазған – Ұлытау бағытындағы жөндеу жұмыстарын жеделдету тапсырылды. Сондай-ақ, Ұлытау облысы бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ филиалының басшылығына жолдардың жай-күйін тұрақты бақылауда ұстап, қар тазалау жұмыстарын күшейту жөнінде тапсырма берілді.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әкім Шеңбер ауылына баратын жолмен жүріп өтіп, автожолдың жағдайын тексерді. Қардан толық тазартылмаған жол учаскелерін қысқа мерзімде ретке келтіру және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау тапсырылды.

Дастан Рысбеков, Ұлытау облысының әкімі, су тасқыны, шаралар, тексеру, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2025 16:55

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Қаракеңгір, Алғабас, Малшыбай ауылдарындағы көпірлердің техникалық жағдайы тексерілді. Анықталған ақауларды жедел жою және су өткізу арналары мен дренаж жүйелерін тазарту жұмыстарын жеделдету жөнінде тапсырмалар берілді.

Атап өтейік, Дастан Рыспеков Ұлытау облысының аумағындағы жол - Алғабас ауылынан Қорғалжын ауданына дейінгі жол жөндеу бойынша ЖСҚ дайындау тапсырды.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аталған жұмыстардың орындалуы облыс әкімінің жеке бақылауында болады. Екі апта ішінде қайта тексеру жүргізіліп, жұмыстардың барысы бағаланады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!