Санжар Тәшкенбай Астанадағы Азия чемпионатына қатыспайды

18:39, 24 сәуір 2024

© Сурет: olympic.kz

27 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астанада бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Аталған сынға қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан U22 құрамасының тізімінде Санжар Тәшкенбай жоқ. Ол жарақатына байланысты құрлық додасынан сырт қалды.

Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын боксшылар тізімі:

  • 48 келі: Ернар Қарап;
  • 51 келі: Кенже Мұратұлы;
  • 54 келі: Нұрсұлтан Алтынбек;
  • 57 келі: Ерболат Сабыр;
  • 60 келі: Руслан Күзеубаев;
  • 63,5 келі: Ерасыл Танкай;
  • 67 келі: Елнұр Сүйінбай;
  • 71 келі: Сабыржан Аққалықов;
  • 75 келі: Диас Молжігітов;
  • 80 келі: Ерасыл Жакпеков;
  • 86 келі:Темірлан Мұқатаев;
  • 92 келі: Бекнұр Батырбек;
  • +92 келі: Аманат Сабырғали.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!