Димаштың Будапештегі концерті аншлагпен өтті

16:46, 5 мамыр 2024

© Сурет: dimashnews.com

4 мамырда Будапештте 2024 жылы "Stranger" туры аясында Димаштың алғашқы жеке концерті өтті. Венгрияның ең үлкен алаңы - Ласло Паппа атындағы спорт аренасы ығы-жығы адамға толы болды. Будапештке Димаштың концертін тамашалау үшін әлемнің 77 елінен адамдар ағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әр елде өткізілетін Димаш шоуы халықаралық мерекеге айналуда. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі әнші жанкүйерлері қалаға алдын-ала келіп, бір-бірімен танысып, дәстүрлі pre-party стилінде кездесулер ұйымдастырады.

Будапешттегі концертте еуропалық авторлардың "GOLDEN" және "S. O. S D ' un TERRIEN EN DÉTRESSE" шығармалары Қытай және жапон композиторларының — "battle of MEMORIES", "JUST LET it BE" және "AUTUMN STRONG" сынды туындыларымен үйлесе орыналды.

"Димаштың гастрольдік турының басты міндеттерінің бірі - көрермендерді Қазақстанның дәстүрлі және заманауи мәдениетімен таныстыру. "ДУРДАРАЗ" халық әні, "АДАЙ" күйімен қатар сахнада белгілі отандық авторлар Еділжан Ғаббасовтың "FLY AWAY", Джордан Аракелян, Айгүл Бажанова мен Мұңайдар Балмолданың "МАХАББАТ БЕР маған" және Димаштың інісі Әбілмансұрдың "TOGETHER" атты алғашқы композиторлық шығармалары шырқалды. Димаштың "Stranger" туры Венгриядағы әншінің жеке концертімен өз жалғастығын тапты", деп хабарлайды dimashnews.com.

Димаш Құдайбергеннің келесі концерті 24 мамырда Ыстамбұл қаласында туған күніне орай өткізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!