Тоқаев православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенелетінін, болашағы жарқын боларына сенімі артатынын айтты.
"Құрметті еліміздің православ қауымы!
Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын!
Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады.
Жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейді. Сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақырады.
Православ қауымы қоғамда өзара түсіністік пен келісімді сақтауға, бірлік және тілеулестік сияқты басты құндылықтарды орнықтыруға зор үлес қосып келеді.
Біз халқымыздың қайсарлығы мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құру үшін биік белестерді бағындыра береміз.
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!", - делінген Тоқаевтың құттықтауында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:57, 18 мамыр 2024
Еліміздің 18 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
17:34, 18 мамыр 2024
Нариман Құрбанов Азия чемпионы атанды, ал Милад Карими күміс медаль жеңіп алды
-
17:12, 18 мамыр 2024
Mass Alert жер сілкінісін ескерту жүйесі 1 маусымға дейін Алматыда пилоттық режимде іске қосылады
-
16:30, 18 мамыр 2024
Мария Севостьянова таеквондодан Fзия чемпионатының жүлдегері атанды
-
15:51, 18 мамыр 2024
Астана тұрғындары қарасораны заңсыз өсіргені үшін сотталды