Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасы Париждегі әлем чемпионатында үшінші орын алды

15:19, 5 мамыр 2024

© Сурет: olympic.kz

Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасы Парижде өткен әлем чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Командалар арасындағы жарыста (еркін бағдарлама) спортшыларымыз үшінші нәтиже көрсетті.

Қазақстан құрамасы 253,6353 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды.

Бірінші орында Жапония – 323,3207. Канада "күміс" алды – 297,5853.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!