БҰҰ: Газа секторында «кең ауқымды ашаршылық» байқалады

17:01, 5 мамыр 2024

© Сурет: UNICEF/Eyad El Baba

Газа секторының солтүстік бөлігінде "кең ауқымды ашаршылық" байқалады, оның жеті айға жуық соғыс барысында бүкіл секторға тез қанат жайып жатқанын БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (ДАТБ) ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ДАТБ атқарушы директоры Синди Маккейн хабарлады.

Бағдарлама басшысы NBC-ге берген сұқбатында: "Енді қалай түсіндірсе болады, солтүстікті аштық жайлаған, кең ауқымды аштық және ол оңтүстікке қарай ұласып барады", - деді.

Маккейннің бұл мәлімдемесі аштық туралы ресми мәлімдемеге жатпайды, бірақ ол мұны ДАТБ қызметкерлерінің көзімен көрген жағдайларға негізделгенін айтады.


"Сұмдық жағдай. Оған жәй қараудың өзі өте ауыр, ондайды естігеннің өзі азап", - деді ол Газа секторындағы жағдайға қатысты пікірінде.

ДАТБ атысты доғаруды және Газа секторына өздерін "кедергісіз өткізуді" сұрайды, өйткені бұл аумаққа көмек жеткізу "өте қиын".

Айта кетсек, БҰҰ мәліметтері бойынша, Газа секторының аумағында жарылмай қалған снарядтардан тазарту үшін 14 жыл қажет болуы мүмкін.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!