«Самға, Balapan!» жүлдесі батылдығымен, білімімен дараланған балаларға берілді
© Сурет: Balapan телеарнасы
Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында "Қазақстан" телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен "Самға, Balapan!" балалар фестивалі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай дәстүрлі түрде өтетін іс-шараның биылғы ерекшелігі - өз замандастары арасында ізгі әрекеттерімен, батылдығымен, еңбекқорлығымен, білім мен ғылымға, өнерге құштарлығымен дараланған балаларға "Самға, Balapan!" жүлдесі табысталды. Бұл - Balapan телеарнасының редакциялық алқасының шешімімен берілетін арнайы марапат.
Фестивальдің "Бала батыр" номинациясы 2022 жылғы 3 желтоқсан күні Атыраудағы Жайық өзенінің жағасында достарын судан аман алып қалған Дінмұхаммед Жаңбырбайға, "Спортшы балапан" номинациясы 9 жасқа дейінгі балалар арасында шахматтан әлем чемпионы, G09 бойынша FIDE рейтингінің басында тұрған Аланна Берікқызына, "Өнертапқыш бала" аталымы робототехника бойынша халықаралық байқаулардың жеңімпазы, алматылық 13 жастағы Диас Мұратовқа, "Қамқор бала" номинациясы Ақмола облысы Атбасар ауданының 10 жастағы тұрғыны, республика бойынша ең жас ерікті Ксения Пелих пен қарияларға көмек қолын созып жүрген Астанадағы №15 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы Әмина Темірхановаға табысталды.
"Самға, Balapan!" жүлдесінің "Менің сүйкімді кейіпкерім" арнайы номинациясын көрермен көзайымына айналған "Жібек" анимациялық мультсериалының басты кейіпкері иеленді. Жеңімпаз Balapan телеарнасының веб-ресурстары арқылы көрермендер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде анықталды.
"Номинанттарды іріктеуге ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен "Ұлттық волонтерлер желісі" бірлестігі атсалысты. Самға, Balapan! фестивалі болашақта балаларды игі істерге шақыратын бірегей алаңға айналады. Қоғамды ізгілендіру, оның негізгі мүшесі балаларды ынталандыру, инклюзивті мәдениет қалыптастыру - Balapan арнасының басты әлеуметтік міндеттерінің бірі, - деді телерадиокорпорацияның басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.
Шараның телевизиялық нұсқасы Balapan телеарнасынан 1 маусым күні сағат 13:30-да көрсетіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:15, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
-
11:01, 20 желтоқсан 2025
Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды





