Самат Әбішке қарсы қылмыстық іс қозғалды
© Сурет: ҚР ҰҚК
Бас прокуратураның Арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Бас прокуратураның мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты "қаңтар оқиғалары" кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
"Тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды". ҚР Бас прокуратурасы
Сонымен қатар, қадағалау ведомствосы Конституция нормаларына сәйкес заң мен сот алдында бәрі тең екенін атап өтті.
Тергеу қорытындысы бойынша заңды іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.
2023 жылы 5 қаңтарда Бас прокуратура Самат Әбіштің қаңтар айындағы оқиғаларға қатысты істе куәгер ретінде өтіп жатқанын хабарлаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
-
10:10, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
-
10:06, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады





