Салық кодексіне енгізілген өзгертулер мәжіліске қайтарылды
© Сурет: pexels
30 қарашада өткен жалпы отырыста сенат депутаттары Салық кодексіне енгізілген түзетулерді қайта қарау үшін мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сенаторлар "Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және оны қолданысқа енгізу туралы заңды екі оқылымда қарады. Құжаттар бірінші оқылымда мақұлданды, бірақ екінші оқылымда сенаторлар түзетулер енгізді.
Депутаттар 2030 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі сыйақыға байланысты кірістерге қатысты салық салынатын табысты азайту және құн өсімінен түсетін КТС бойынша қолданыстағы жеңілдіктерді жою қағидаларын қолданысқа енгізуді ұсынды. Бұл заңды тұлғаларға – резиденттерге және резидент еместерге және жеке тұлғаларға – резидент еместерге қатысты.
"2024 жылғы 1 наурыздан бастап ҚР Ұлттық банкі шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша екінші деңгейдегі банктердің алатын табыстарына қатысты салық салынатын кірісті азайтуды жою қағидаларын қолданысқа енгізу ұсынылады. Салық кодексінің 3-бабы 2-тармағының тоқтатыла тұрған нормасының қолданылу мерзімі 2023 жылғы 1 желтоқсаннан 2024 жылғы 1 наурызға өзгертілсін.".Парламент сенатының қорытындысы
Барлық ескерту мен ұсыныстар салыстырмалы кестеде жинақталды. "Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң мәжіліске қайта қарауға қайтарылды.
"Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қаржы және бюджет комитеті заңның кейбір баптарын бекітпеуді және заңның осы баптарын жаңа редакцияда енгізу туралы ұсыныспен мәжіліске қайтаруды ұсынады".Парламент сенатының қорытындысы
Жиында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов сенаторлар "енді талқыланып, пысықталатын шағын түзетулер" ұсынғанын атап өтті.
"Бұл – бекітілген редакциялық процедура. Енді біз (өзгертулерді - ред.) мәжіліспен бірге қарастырып, осы нормаларды қабылдаймыз. Негізінен бұл нормалар талқыланған".Ержан Біржанов
Ол сонымен қатар салық саласына әсер ететін маңызды түзетулерді де атап өтті.
"Олар көп, бірнешеуіне тоқталайын. Олардың кейбіреуі бизнес жүргізу тәртібін жеңілдетуге бағытталған. Мысалы, фискалдық чектерді сақтау міндетін алып тастау. Бұл әрқашан болған. Қазір касса чектерін онлайн аламыз. Ал бұл міндетті талап заңнан алынады. Мемлекеттік баж салығына қатысты: Конституциялық сотқа талап арыз беру үшін бір АЕК көлемінде алым алынды. Енді қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін олар нөлдік мөлшерлеме енгізді, яғни азаматтар мемлекеттік баж төлемей өтініш бере алады".Ержан Біржанов
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 19 қыркүйек 2024
«Арнайы қалпақ кигізді». Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 17 адам құтқарылды
-
22:44, 19 қыркүйек 2024
Қызылордада екі жасөспірім қыз көше шамдарын қасақана сындырған
-
22:34, 19 қыркүйек 2024
Атырауда ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы сотталды
-
21:58, 19 қыркүйек 2024
Ақмола облысында жоғалып кеткен жасөспірім шахтадан табылды
-
21:42, 19 қыркүйек 2024
Күйсандық шебері Жанар Сүлейманова Лондондағы беделді байқауда бірінші орын иеленді