Салық қарызы қандай сомадан асқанда шоттар бұғатталады
© Фото: Zakon.kz
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Аудит департаментінің Берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Арын Қайсар 2026 жылғы 4 ақпанда жаңа Салық кодексіндегі салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу нормаларын түсіндірді.
Оның айтуынша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енген, онда салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шаралары өзгертілген.
"Біріншіден, салық берешегінің шекті мөлшері өзгертілді: 2026 жылға дейін шаралар 6 АЕК-тен бастап қолданылса, қазір бұл көрсеткіш 20 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Бұл – 86 мың теңгеден асады. Бұл норма барлық санаттарға қатысты. Сараланған тәсіл қолданылады: салық берешегі 20 АЕК-тен асқан жағдайда өсімпұл есептеледі, хабарлама жіберіледі, мерзімі өткен соң банктік шоттар бойынша шығыс операциялары, сондай-ақ касса және инкассалық өкімдер тоқтатылады. 45 АЕК-ке дейін біз осы тәсілдер мен өндіріп алу шараларымен шектелеміз", – деді ол.
Берешек 45 АЕК-тен асқан жағдайда да аталған шаралар қолданылады.
"Келесі кезеңде дебиторлық берешекті дебиторлардың шоттарынан өндіріп алу жұмыстары жүргізіледі (бар болған жағдайда), мүлікке түгендеу актісі жасалады, мүлік сатуға шығарылады, акциялар айналымға шығарылады. Қарыз өтелмеген жағдайда сот шешімімен салық төлеушіні банкрот деп тануға дейін барады", – деп толықтырды спикер.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:05, 4 ақпан 2026
«Жер сатылады дегенге сенбеңіздер» – Айман Умарова жаңа Конституция туралы қауесетті жоққа шығарды
-
15:53, 4 ақпан 2026
4 ақпандағы сауда қорытындысы: доллар бағамы 500 теңгеден төмендеді
-
15:41, 4 ақпан 2026
Алматыда кадеттер арасында дзюдодан қала чемпионаты өтеді
-
15:34, 4 ақпан 2026
Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосу ұсынылады
-
15:21, 4 ақпан 2026
Депутат оқушыларды автокөлік ісіне үйретуді ұсынды





