4 ақпандағы сауда қорытындысы: доллар бағамы 500 теңгеден төмендеді

15:53, 4 ақпан 2026

© Фото: freepik

2026 жылғы 4 ақпанда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 498,65 теңгені құрап, 4,4 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 6,45 теңгеге дейін төмендеді (–0,09).

Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 72,11 теңгені құрады (–0,49).

Айырбастау пункттерінде доллар 498,7–501,3 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда. Еуро бағамы 587,3–594 теңге, ал рубль 6,42–6,55 теңге аралығында.

Сонымен қатар, 4 ақпандағы саудада әлемдік мұнай бағасы өсу үстінде. Brent маркалы мұнайдың сәуір айына арналған фьючерсі 0,03%-ға қымбаттап, барреліне 67,35 доллар болды. Ал наурыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай 0,2%-ға өсіп, барреліне шамамен 63,35 доллар деңгейінде саудалануда.

Айта кетейік, таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 503,44 теңге, еуроны – 593,35 теңге, рубльді – 6,55 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!