Салық берешегін өндіріп алуға қатысты құжаттардың нысандары жаңартылды
© Фото: freepik
Қаржы министрі 2026 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрығымен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты бірқатар құжатқа өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, мемлекеттік кірістер органдары салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу кезінде пайдаланатын 10 құжат нысаны жаңартылды:
- салық берешегін өтеу туралы хабарлама нысаны;
- салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органының өкім нысаны;
- салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі есебіне мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім нысаны;
- салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі есебіне билік етуі шектелген мүлікті тізімдеу актісінің нысаны;
- салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі есебіне мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің және мүлікті тізімдеу актісінің күшін жою туралы шешім нысаны;
- дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама нысаны;
- салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкінен өндіріп алу туралы қаулы нысаны;
- борышкер болып табылатын заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысының (оны алмастыратын адамның), дара кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын адамның Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы нысаны;
- борышкер болып табылатын заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысының (оны алмастыратын адамның), дара кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын адамның Қазақстан Республикасынан шығуына қойылған уақытша шектеуді тоқтата тұру туралы қаулы нысаны;
- борышкер болып табылатын заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысының (оны алмастыратын адамның), дара кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын адамның Қазақстан Республикасынан шығуына қойылған уақытша шектеудің күшін жою туралы қаулы нысаны.
Бұйрық 2026 жылғы 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:27, 7 қазан 2026
Көлікті «тиімді» жолмен сату: Астананың бір топ азаматы алаяққа ұрынып, 600 млн теңгеден қағылған
-
17:11, 7 қазан 2026
Алматы-Қорғас тас жолында камераға қарап, әдепсіз қимыл көрсеткен жүргізуші сотқа тартылды
-
16:59, 7 қазан 2026
Алматыдағы жаңа метро станциясы мен Төле би көшесін ұзарту жұмыстары қай кезеңде
-
16:55, 7 қазан 2026
Астанада қанша жұмыссыз тіркелген
-
16:53, 7 қазан 2026
Депутат Салық кодексіне түзетулер енгізуді талап етті





