Алматыдағы жаңа метро станциясы мен Төле би көшесін ұзарту жұмыстары қай кезеңде
© Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы жаңа "Қалқаман" метро станциясын іске қосатын күн жақындап қалды. Бұл туралы 2026 жылғы 7 қазанда Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкімнің айтуынша, қазір станция құрылысының дайындығы 99%-ға жеткен. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып келеді. Құрылысты биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Алдағы уақытта метро желісін "Барлық" базары бағытында жалғастыру жоспарланған. Бұл учаскеде тағы үш станция салу көзделген.
Сонымен қатар Алматының Наурызбай ауданында Төле би және Жұбанов көшелерін ұзарту жұмыстары жалғасып жатыр.
Тоғызбаеваның айтуынша, Төле би көшесін Әшімов көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту жобасы бойынша құрылыстың дайындығы 70%-ды құрайды. Ұзартылатын учаскенің ұзындығы – 2,3 шақырым. Қазір 1,9 шақырымға асфальтбетон жабыны төселген. Жұмыстарды 2026 жылғы қарашада аяқтау жоспарланып отыр.
Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен Алатау даңғылына дейін 1,2 шақырымға ұзарту көзделген. Нысанның дайындығы – 68%. Қазір инженерлік желілерді қайта орналастыру және жол құрылымын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылысты 2027 жылғы желтоқсанда аяқтау жоспарланған.
Сондай-ақ Алматының Медеу ауданында №2 перзентхананың жаңа ғимараты салынып жатыр. 1937 жылы салынған ескі ғимараттың орнына жалпы ауданы 12,4 мың шаршы метрден асатын заманауи кешен салу жоспарланып отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:43, 7 қазан 2026
Ақтауда астан уланып, ауруханаға түскен 9 жасар бала көз жұмды
-
17:27, 7 қазан 2026
Көлікті «тиімді» жолмен сату: Астананың бір топ азаматы алаяққа ұрынып, 600 млн теңгеден қағылған
-
17:11, 7 қазан 2026
Алматы-Қорғас тас жолында камераға қарап, әдепсіз қимыл көрсеткен жүргізуші сотқа тартылды
-
16:55, 7 қазан 2026
Астанада қанша жұмыссыз тіркелген
-
16:53, 7 қазан 2026
Депутат Салық кодексіне түзетулер енгізуді талап етті





