Сағынтаев бірқатар қала тұрғынына «Қаланың құрметті азаматы» атағын табыс етті

17:45, 19 қыркүйек 2021

© Сурет: Алматы әкімдігі

Алматыда бүгін, қала күні "Қаланың құрметті азаматы" атағын және "Еңбегі үшін" төсбелгісін табыстау салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаланың қоғамдық-саяси өмірінің түрлі саласының өкілдеріне "Қаланың құрметті азаматы" атағы берілді. Алматы әкімі қала тұрғындары атынан алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

"Өздеріңіз бәрімізге үлгісіздер әрі жоғары марапат пен құрметке лайықсыздар. Қала тұрғындары мен өз атымнан аянбай төккен тер, еңбектеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін", - деді Сағынтаев.

"Қаланың құрметті азаматы" атағы берілгендер:

- қоғамдық және мемлекеттік қызметкер Т. Досмұхамбетов;

- атақты музыкатанушы, профессор, ҚР Композиторлар одағының және Қазақстан музыкалық қайраткерлері одағының мүшесі Ю. Аравин;

- академик, Қазақ КСР еңбек сіңірген сәулетшісі, Қазақстан сәулетшілер одағының мүшесі Т. Ералиев;

- "Шырақ" мүгедек әйелдер қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, қала әкімі жанындағы мүгедектік мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі Л. Қалтаева;

- Қазақстан Республикасының халық әртісі Н. Нүсіпжан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!