Сабақты қызықты етіп өткізудің 10 әдісі
Оқу аптасының соңында оқушылар сабаққа аса мән бермей, демалыстың тезірек басталуын күтіп жүретіні анық. Осы ретте география пәнінің мұғалімі Том Дэвидсон сабақты қызықты етіп өткізудің 10 әдісін ұсынады.
1. Өзіндік жұмысқа арналған дәптерлерді жиі пайдалану
Өзіндік жұмысқа арналған дәптерлер оқушының өз біліміне деген жауапкершілігін арттыра түседі. Егер Сіз жұмыстың көп бөлігін оқушының өзіне жүктеп қойсаңыз, балаларда өз бетінше оқу және әрекет ету дағдысы дами бастайды. Балаларға барынша көп жауапкершілік жүктесек, олардың тұлғалық өсу барысындағы алға ұмтылушылық қасиеттері соншалықты жоғары болмақ.
2. Қызықты сұрақтарға толы алты қыр
80-жылдардың соңында америкалық телевизияда қатысушылары алты қырлы ойын алаңында қозғалуы тиіс викторина танымал болатын. Егер қатысушы беліген сұраққа дұрыс жауап берсе, сұрақтарға байланысты алты қырды өздері таңдайтын. Ал, мектептегі сабақты да осы қағида негізінде ұйымдастырса ше? Оқушылар теориялық және тәжірибелік материалдарды да осылай өңдей алады. Бірақ ең бастысы – оқушылар өз қызығушылықтарына баса назар аударатын болады. Сұрақтың қиындығына байланысты әрбір деңгейге сәйкес түс белгіленіп, оқушылар өз алты қырларының толықтай боялуы үшін барлық сұрақтарға жауап беруілері тиіс.
3. «Қызанақ әдісі»
Сіздер сабақ барысы 20-25 минуттық сессияларға бөлінетін, кейін мұқияттылықты қалыпқа келтіретін бес минуттық үзіліс «қызанақ әдісі» туралы естіген боларсыз. Бұл әдіс маңызды емтихандарға дайындық кезінде өте пайдалы және сабаққа еш қызығушылығы қалмаған оқушыларды «оятуға» мүмкіндік береді. Егер, Сіз өткен сабақтағы материалды қайталағыңыз келсе, былай істеңіз: оқушы 15 минуттың ішінде материалды өз бетінше қайталап, кейін 5 минут өз қайталағанын тексеруі қажет, кейінгі 5 минут демалысқа жұмсалуы тиіс. Бұл техниканы пайдаланбас бұрын, тиімді қайталау әдісі туралы оқушылардың естеріне салыңыз.
4. Оқушылар мұғалімдердің орнында
Оқушылар сабақ барысында өз ұстаздарын алмастыра алады – бұл өз кезегінде жақсы нәтиже бермек. Көптеген зерттеулер алдымен материалды жаттап алып, оны біраз еске түсіргеннен кейін ғана басқа біреуге түсіндіру оңай екендігін дәлелдеді. Бұл әдісті шағын топтармен қатар, жоғары сыныптардағы сабақ барысында да пайдалануға болады. Бұл жағдайда мұғалім рөлін оқушылар да сомдай алады. Оқушыларды мұғалім рөлінде болатындықтары жайлы алдын ала ескертіп қойған жөн, өйткені олардың сабаққа дайындалып, сабақты барынша жақсы өткізулеріне жағдай жасау қажет.
5. Шешім қабылдауға баулитын жаттығулар
Көбіне-көп оқушылар берілген жаңа материалды қас-қағым сәтте игеріп алғандай әсер қалдырады. Алайда алған білімді тәжірибе жүзінде пайдалану кезінде оқушылар қиындыққа тап болады. Бұл жағдайда тек өз біліміңді ғана көрсететін емес, сонымен қатар материалды игеру деңгейін көрсететін жаттығу жасатып көріңіз. Мәселен, география сабағында оқушылар төтенше жағдайларға халықаралық жауап беру және біздің планетамыздың түрлі аймақтары арасындағы ресурстарды үлестіру бойынша жоспарды өз беттерінше ойлап тапқан. Ең бастысы – оқушылар басшылыққа алатын ойын ережелерін нақты белгілеу қажет. Осылайша оқушылар өз білімдері мен шығармашылық ойлау қабілеттерін өмірде кездесетін жағдайларда пайдаланатын болады.
6. Қысқаша презентациялар
Сөзсіз, ауызша сөз сөйлеу, баяндама жасау біз ойлағаннан да көп уақытты талап етеді. Апта соңындағы сабақтарда әңгімелесу үрдісін оқу мақсатында неге пайдаланбасқа? Оқушылар белгілі бір тақырыпта презентация жасап, қазір қандай тақырыптарды өтіп жатқандықтары туралы айтып, сабақ барысында шағын зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін бірден бере алады. Жұмысқа кіріскенге дейін тәжірибеге бөлінетін уақыт жайында балалармен алдын ала келісіп алған жөн.
7. Болашақ сөз шеберіне арналған жаттығу
Жұртшылық алдында сөз сөйлеу қабілетін үнемі дамытып отыру маңызды. Бұл өз кезегінде презентация қорғау немесе сөзжарыстарға дайындық кезінде көмегін тигізетін болады. Әрбір сабақта қысқа да нұсқа сөз сөйлеп, өз ойыңызды анық жеткізуге тырысыңыз. Бұл көптеген дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. Көпшіліктің алдында сөз сөйлеу шеберлігі, сенімділік, сауаттылық, пәнді жетік меңгеру – үнемі жаттықтырылуы тиіс маңызды 4 нәрсе. Сондай-ақ, оқушыларға презентация үшін қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері аудитория мен презентация жүргізіліп жатқан нақты сол жердегі жағдайға байланысты екендігін түсіндіру қажет.
8. Жаңалықтар желісіндегі әдістеме
Оқушылардың бойында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдысымен қатар, айналада болып жатқан жаңалықтардан хабардар болу қабілетін дамыту жайлы ұмытпағанымыз абзал. Бұл әдіс балаларды бір қарағанда өздеріне қатысы жоқ сияқты көрінетін оқиғалармен қызықтыруға көмектеседі. Оқушылар топ-топқа бөлініп, жаңалық жаршылары қандай да бір жаңалық дайындайды. Оқушыларды ақпарат ұсыну дағдысына баулып, фактілерді тексеру маңыздылығына назарларын аудару қажет. Балалардың Интернетке көп жүгінулеріне жол бермеңіз!
9. Нақты тақырыпқа арналған квест
Апта соңында оқушылардың көңілдерін аулауға арналған тағы бір жақсы әдіс. Пәнге байланысты квесттің жеңіл не қиын болуын өздеріңіз шешіп алыңыз. Оқушыларды екі-екіден бөліп, оларға табулары тиіс заттардың тізімін беріңіз. Олар іздеу жұмыстары барысында тек өз күштеріне ғана сенулері керек. Осындай формадағы теориялық материалды меңгеру әлдеқайда жеңіл, ал практикалық тапсырмалар оқушылардың бар көңілдерін аулауға көмектеседі. Сізден бар талап етілетіні – сыныпта 20-30 зат жасырып қою және өз пәніңізбен байланысты тапсырмаларды ойлап табу.
10. Жарнамалық кампания
Оқушылардың өздеріне нағыз жарнамалық кампания ойлап табуларына рұқсат етіңіз, яғни жарнамалық плакат немесе жарнамалық мәтін жазу, кейін аудиторияңды өз идеяңның дұрыстығына сендіру. Біріншіден, оқушылар контраргументтерді алдын ала болжай алуға, екіншіден - білімдері мен біліктіліктеріне жүгіне отырып, өз ой-пікірлерін соңына дейін жақтауға дағдыланады. Осылайша, оқушыларды тек теорияны жаттауға ғана емес, сонымен қатар өз алған білімдерін тәжірибеде пайдалана алуға баулимыз.
Дереккөзі mel.fm
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 желтоқсан 2025
«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады





