Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атану мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді
© Сурет: instagram/lenarybakina
"Үлкен дулыға" турнирлерінің екі дүркін чемпионы, әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 17 тамызда WTA рейтингі көшбасшысы Арина Соболенкоға ұпай саны бойынша барынша жақындай алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл мақсатқа жету үшін Рыбакина қазір Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы "Мастерс" турнирінде жеңімпаз атануы керек.
Өткен түні Рыбакина ресейлік Людмила Самсонованы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіп, мансаптық мақсатына жету жолында тағы бір қадам жасады.
Сонымен қатар Елена осы маусымда Солтүстік Америкада өткен WTA-1000 санатындағы үш турнирдің де ширек финалына шыққан жалғыз теннисші атанды.
"Бұл туралы ойламауға тырысамын, өйткені әлі де көптеген матчта жеңіске жетуім керек. Маусымның шөптегі кезеңінде қалағанымдай жақсы өнер көрсете алмадым. Сондықтан қазір мен үшін ойынымдағы ілгерілеуді көру маңыздырақ. Америкадағы турнирлер сериясы басталғанға дейін көп жаттықтым, сондықтан нәтижесін көргім келеді. Бұл турнирде кейбір элементтерім жақсы жұмыс істеп жатыр, бірақ әзірге ең үздік ойынымды көрсете алған жоқпын. Рейтинг пен ұпай туралы ойламауға тырысамын. Әр матчқа жеке-жеке назар аударғым келеді. Турнирде қаншалықты алысқа бара алатынымды көру керек", – деді Елена Рыбакина.
Биыл Рыбакина Солтүстік Америкадағы WTA-1000 санатындағы екі турнирде – Индиан-Уэллс пен Майамиде – ширек финалға шыққан.
Ертең Торонто турнирінде қазақстандық теннисші жапониялық Наоми Осакамен кездеседі.
Егер Рыбакина Канаданың WTA-1000 турнирінде чемпион атанса, әлемдік рейтингте Арина Соболенконан қалып тұрған айырмашылығын төрт ұпайға дейін қысқартады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:30, 10 тамыз 2026
Бурабайда мас жүргізуші демалушыларды электр автобусымен тасымалдаған
-
18:09, 10 тамыз 2026
Қазақстан құрамасының сегіз мүшесі де IOAI 2026 олимпиадасында медальға ие болды
-
18:05, 10 тамыз 2026
Бес баласы мен несиесі болса да: 18 жастағы қазақстандық қыз әкесін сот арқылы алимент төлеуге міндеттетті
-
17:24, 10 тамыз 2026
Циклон ауа райын өзгертеді: 11 тамызда Қазақстанда күн қандай болады
-
17:19, 10 тамыз 2026
Алматы әуежайына жолаушы тасудан таксистер бас тартып жатыр





