Алматы әуежайына жолаушы тасудан таксистер бас тартып жатыр
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Әлеуметтік желіде әуежай аумағында жолаушы түсіру үшін тоқтаған такси жүргізушілеріне жаппай әрі негізсіз айыппұл салынып жатқаны туралы ақпарат тарады. Алматы қаласының полициясы бұл мәлімдемеге жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желіде мынадай ақпарат тараған:
"Алматылық таксистер әуежайға бойкот жариялап, жолаушыларды ол жаққа жаппай апарудан бас тартып жатыр. Жүргізушілердің айтуынша, олар жолаушыларды әуежайға жеткізіп, кіреберісте оларды түсіру үшін небәрі екі минутқа тоқтайды. Алайда көп ұзамай көлікті дұрыс қоймағаны үшін 21 мың теңге көлемінде айыппұл алады. Таксистердің айтуынша, мұндай айыппұлды қазірдің өзінде жүздеген жүргізуші алған. Осыған байланысты олар наразылық ретінде әуежайға тапсырыс апарудан жаппай бас тарта бастаған. Жүргізушілер жолаушы түсірген кезде тағы бір айыппұл алудан қауіптенетінін айтқан".
Ал Instagram желісіндегі raha_taxsa блогері жүргізушілерге нақты қай жерде және қандай жағдайда айыппұл салынуы мүмкін екенін көрсеткен видео жариялады.
Кейін ол халықаралық ұшу терминалының маңына жолаушыларды түсіруге рұқсат беретін жол белгісі қойылғанын хабарлады.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде тараған такси жүргізушілеріне әуежай аумағында жолаушыларды түсіру үшін тоқтағаны үшін айыппұл салынып жатқаны туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және жағдайдың бұрмаланып көрсетілгенін мәлімдеді.
"Әуежай аумағының жекелеген учаскелерінде 3.28 "Тоқтауға тыйым салынады" жол белгілері орнатылған. Сонымен қатар жолаушыларды түсіруге арналған, тиісті жол белгілерімен белгіленген орындар қарастырылған. Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, жолаушыларды отырғызу немесе түсіру үшін көлікті тоқтатуға, соның ішінде көлік қоюға тыйым салынған учаскелерде де, жол қозғалысы ережелерінің талаптары сақталған және тоқтау белгіленген уақыттан аспаған жағдайда рұқсат етіледі. Сондықтан жолаушыны түсіру үшін қысқа уақытқа тоқтаудың өзі әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болмайды", – деп хабарлады полиция департаменті.
Ал жол белгілерінің талаптары немесе жол қозғалысы ережелерінің басқа да нормалары бұзылған жағдайда, жүргізуші заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
"Егер жүргізуші шығарылған қаулымен келіспесе, ол заңнамада белгіленген тәртіппен оған шағымдануға құқылы", – деп қорытындылады полиция.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:09, 10 тамыз 2026
Қазақстан құрамасының сегіз мүшесі де IOAI 2026 олимпиадасында медальға ие болды
-
18:05, 10 тамыз 2026
Бес баласы мен несиесі болса да: 18 жастағы қазақстандық қыз әкесін сот арқылы алимент төлеуге міндеттетті
-
17:43, 10 тамыз 2026
Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атану мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді
-
17:24, 10 тамыз 2026
Циклон ауа райын өзгертеді: 11 тамызда Қазақстанда күн қандай болады
-
17:13, 10 тамыз 2026
Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады





