Әлемдегі ең арзан металл белгілі болды
© Сурет: pixabay
Қорғасын – әлемдік нарықта ең арзан металл болып саналады. Қазіргі уақытта оның бағасы бір тоннасына шамамен 2 000 АҚШ долларына да жетпейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Известия" басылымының мәліметінше, бұл туралы Гайдар институтының халықаралық үздік тәжірибелерді талдау зертханасының меңгерушісі Антонина Левашенко айтқан.
"Әлемдік нарықта сатылатын ең арзан металл – қорғасын. Оның бағасы бір тоннасына шамамен 1 800–1 990 доллар аралығында", – деді ол.
Бағаның төмендеуі негізгі тұтыну салаларында сұраныстың азаюымен байланысты. Атап айтқанда, аккумулятор батареяларын өндіру мен автомобиль өнеркәсібінде қорғасынға сұраныс төмендеген. Бұл салаларда оның орнына никель мен литий қолданыла бастады.
Қорғасын сонымен қатар ғимараттарды қорғау, медициналық жабдықтар (соның ішінде рентген құрылғылары) жасау және бояу өндірісінде пайдаланылады. Пигменттер өндірісі бұл металды тұтынудың шамамен 5%-ын құрайды.
Металл қорғасын-мырыш және полиметалл кендерін өндіру кезінде алынатын концентраттардан өндіріледі. Әлемдегі ең ірі өндіруші ел – Қытай, оның үлесі 42,3%-ды құрайды. Сондай-ақ үздік бес елдің қатарына Австралия (10,2%), Перу (5,9%), АҚШ (5,8%) және Ресей (5,4%) кіреді.
Ең ірі қорғасын кен орындары Ресей, Қытай және Австралия аумақтарында шоғырланған.
Бұған дейін Қытайда бірден үш қаланы қосқан 55 шақырымдық алып құрылыс салынғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:35, 4 мамыр 2026
Ресейде бір үйдің үш мүшесі терезеден секіріп қаза тапты
-
22:13, 4 мамыр 2026
Роман Скляр жылыту маусымына қатысты бірқатар тапсырма берді
-
21:54, 4 мамыр 2026
БҚО-да көлік ұрлап, жол апатына себеп болған күдікті ұсталды
-
21:18, 4 мамыр 2026
Көкшетауда желдету жүйесіндегі ақау кафедегі өртке себеп болды
-
20:55, 4 мамыр 2026
5 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды





