Роман Скляр ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

20:22, 18 қыркүйек 2019

ҚР Президентінің 18 қыркүйектегі Жарлығымен Роман Скляр ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сөйтіп Роман Скляр ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметінен босады. Ал оның орнын Бейбіт Атамқұлов басты.

"Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалсын, ол ҚР Сыртқы істер министрі қызметінен босатылсын" делінген Жарлықта.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!