Республикалық нотариаттық палатаға жаңа басшы тағайындалды

14:37, 26 қаңтар 2026

© Сурет: notariat.kz

2026 жылғы 23 қаңтарда Астанада Республикалық нотариаттық палатаның XIX кезектен тыс есептік-сайлау съезі өтті. Съезге аумақтық нотариаттық палаталардан 100 делегат қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараның күн тәртібіндегі басты мәселе Республикалық нотариаттық палатаның төрағасын сайлау болды.

Төрағалыққа келесі кандидаттар ұсынылды:

  • Астана қаласының нотариаттық палатасының төрағасы – Айгерім Айкешева;
  • Қарағанды облысының нотариаттық палатасының төрағасы – Айгүл Бексұлтанова;
  • Алматы қаласының нотариаттық палатасының төрағасы – Қарагөз Қалабаева;
  • Астана қаласының жеке нотариусы, Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының төрағасы – Олег Полумордвинов.

Жасырын дауыс беру нәтижесінде Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы болып Олег Игоревич Полумордвинов сайланды. Оның кандидатурасын 100 делегаттың 60-ы қолдады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!